KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СШ
508.91 594.36 6.33

Ислам Чесноков – Өскеменнен Шотландияға дейінгі жол

7.01.2026, 20:00 355 Айна Бакимбаева

Шотландияның «Heart of Midlothian» футбол клубы қазақстандық жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығымен бөлісті. Әйгілі клубтың қатарына өскемендік «Алтай» командасының түлегі Ислам Чесноков қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Клубтың баспасөз қызметі футболшымен 2028 жылдың жазына дейін келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады. Осыған орай Heart of Midlothian Instagram парақшасында Ислам Чесноковтың бірнеше суреті жарияланды. Кадрда ол Шотландияның төрт дүркін чемпионы саналатын клубтың формасын киіп, Қазақстанның көк байрағын ұстап тұр. Пост астына: «Қазақстаннан келген жаңа жазылушыларымыз қош келдіңіздер!» деген жазба қалдырылған.

26 жастағы Ислам Чесноков — Шотландия чемпионатында өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық футболшы. Оның үлкен футболдағы жолы Өскемен қаласындағы «Алтай» клубында басталды. Кейін белоруссиялық «Белшина» сапында ойнап, елге оралып «Тоболдың» намысын қорғады. Енді міне, жерлесіміз Еуропаның бәсекелі біріншіліктерінің бірінде бақ сынауға мүмкіндік алып отыр.

Өскемен футбол мектебінің тағы бір түлегінің Еуропа төрінде танылып жатқаны — аймақтық спорт үшін де, қазақстандық футбол үшін де үлкен мақтаныш.


Фото: «Heart of Midlothian» футбол клубының әлеуметтік желі парақшасынан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу