KZ
Өскемен
-34°
плотный туман Штиль
510.95 594.49 6.5

Терроризм туралы жалған ақпарат тарату – қылмыс: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

8.01.2026, 13:30 113 Ержан Әбіш

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратудың заңмен қатаң жазаланатынын еске салды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Терроризм туралы жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына себеп болады. Сонымен қатар төтенше қызметтердің күш-құралдарын негізсіз жұмылдыруға алып келеді.

ІІМ өкілдері бұл қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын атап өтті. Барлық осындай хабарламалар міндетті түрде тексеріледі, ал жалған ақпарат таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдар арқылы анықталады.

Киберқылмыстардың алдын алу мақсатында азаматтарға тексерілмеген ақпаратты таратпау, интернет пен мессенджерлерде жалған хабарламалар жолдамау, балаларға мұндай әрекеттер үшін ата-аналардың да жауапкершілігі бар екенін түсіндіру ұсынылады. Қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу