Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім елдің технологиялық дамуын жеделдетуге, инновациялық экономиканы қалыптастыруға және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz.
Аталған бастама аясында мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу, жасанды интеллект технологияларын экономика, білім беру, денсаулық сақтау және өнеркәсіп салаларында қолдану көзделіп отыр.
Сонымен қатар, IT-инфрақұрылымды дамыту, деректерді қорғау деңгейін күшейту және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болмақ.
Фото: Ақорда