KZ
Өскемен
-24°
переменная облачность Штиль
508.91 594.36 6.33

Елімізде Жасанды интеллект университеті ашылады

6.01.2026, 15:00 124 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда жасанды интеллектіге маманданған арнайы университет құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа университет жасанды интеллект саласына қажетті мамандарды даярлауға бағытталады. Оқу орны тек бір бағытпен шектелмей, әртүрлі салаларды қамтитын пәнаралық мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды. Сонымен қатар қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де басты мақсаттардың бірі болмақ.

Министрдің айтуынша, университет Alem.ai экожүйесінің құрамына еніп, шетелдің жетекші университеттері мен ірі технологиялық компаниялармен бірлесе жұмыс істейді. Бұл студенттерге халықаралық тәжірибе мен заманауи білім алуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда елімізде жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жасанды интеллект университетін құрумен қатар, бірқатар жүйелі шараларды іске асыруымыз қажет. Негізгі мақсат – профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен толық қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру», – деді Саясат Нұрбек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу