KZ
Өскемен
-34°
плотный туман Штиль
510.43 594.86 6.49

ШҚО полицейлері жүргізушілерге жолдағы жауапкершілікті еске салды

25.09.2025, 17:00 195 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жүргізушілерге жолда мұқият болудың маңызын еске салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертеңгі уақытта жүргізушілерге ыстық кофе ұсынып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Бұл ерекше акция көлік жүргізушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, қауіпсіздікті сақтау әр адамның басты міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да профилактикалық шараларды жалғастыра бермек. Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу