KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

Есірткі таратқан бойжеткен ұсталды – ШҚО

Бүгін, 20:00 31 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасына қатысы бар 20 жасар қыз қолға түсті. ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 2005 жылы туған азаматшаны ірі көлемде есірткі таратумен айналысып жүрген жерінен ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті мессенджерлер арқылы есірткіні көтерме тәсілмен жеткізетін курьер болып жұмыс істеген. Жеке тінту барысында оның қол сөмкесінен 400 граммнан астам «мефедрон» табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу, оның ішінде «оңай табысқа» сеніп, курьерлік қызметке бару қатаң қылмыстық жауапкершілікке және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкелетінін ескертеді.



Фото/видео: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу