ШҚО-да полиция 1 млн теңгенің есірткісін тәркіледі
Өскеменде есірткіге қарсы ірі операция жүргізілді. Қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы облыс прокуратурасымен бірлесіп, Алматы қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары жүргізген жеке тінту кезінде күдіктіден қара және сары түсті таспамен мұқият оралған 33 түйіншек табылды. Қаптамалардың ішінде ақ ұнтақ заты болған. Сараптама нәтижесі оның жалпы салмағы 42,7 граммды құрайтын мефедрон екенін көрсетті. Бұл көлем – 40-тан астам бір реттік дозаның мөлшеріне тең. Қара нарықтағы құны 1 миллион теңгеден асады.
Аталған дерек бойынша “Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті есірткі айналымына қатысты кез келген заңсыз әрекеттердің ауыр салдарға әкелетінін еске салып, азаматтарды өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Фото: polisia.kz