KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Қазақстан мен Қытай шекарасында «Ақылды кеден» жүйесі іске қосылды

23.07.2025, 13:30 180 Гульжан Мусина

Қазақстан мен Қытай арасында шекарадағы тауар айналымын жеңілдетуге бағытталған тың жоба басталды. Бақты – Покиту өткізу бекетінде «Ақылды кеден» атты пилоттық жоба іске қосылып, алғашқы сынақ жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Жаңа жүйе аясында шекарадан жүргізушісіз жүк көліктері автоматты түрде өтеді. Бұл – елімізде алғаш рет қолға алынған технологиялық жаңалық. Жобаның басты мақсаты — кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, шекарадағы жүк ағынын барынша жылдам әрі қауіпсіз ету.

Жоба аясында:

Қазақстан мен Қытай ортақ электронды декларацияны мойындап, рәсімдер толық цифрлы форматқа көшірілді;

Жүк қозғалысы тәулік бойы тоқтамай жүргізіледі;

Бақылау жүйелері автоматтандырылып, барлық көлік навигация арқылы бақыланады.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама жылына 10 миллион тоннаға дейін жүк өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кеден рәсімдеуіне кететін уақыт пен шығын айтарлықтай қысқарады, логистикалық хабтар дамиды, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артады.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Қытайдың Тачэн қаласы партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй арасындағы кездесу нәтижесінде мақұлданды. Ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу