Ертең түнде Өскеменнің бірнеше көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 20:00-ден 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қала аумағында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
Өскемен қаласы әкімдігі ақпаратына сай, шектеу төмендегі көшелерді қамтиды:
Қазақстан көшесі — Қ.Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін;
М.Горький көшесі — Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін;
С.Нұрмағамбетов көшесі — Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін;
Астана көшесі — Красин көшесінен Шәкәрім даңғылына дейін.
Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қозғалысты жоспарлау кезінде көрсетілген ақпаратты ескеруді сұрайды.
Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Сонымен қатар, тек сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды қолданып, өндірушінің нұсқаулығын қатаң сақтау қажет екенін еске салады. Тұрғын үйлердің, автокөліктердің, ағаштардың және электр желілерінің маңында фейерверктер мен петардаларды іске қосуға тыйым салынады. Пиротехникалық бұйымдарды балаларға беруге және жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалануға болмайды.
Заңнама талаптарына сәйкес, 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта, яғни, сағат 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне жол берілмейді. Полиция департаменті ата-аналардан балалардың бос уақытын бақылап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.


