KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
503.9 603.32 6.61

ШҚО-да қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі

Фото: depositphotos.com

3.10.2025, 08:00 192 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 қазанда облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік аумақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Өскемен қаласында да күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с дейін жетпек.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады:

көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, қашықтықты сақтау ұсынылады;

қатты жел кезінде сымдарға, тербеліп тұрған заттарға жақындамау қажет;

аялдама артында, ағаш астында жасырынбаған жөн;

автокөлікті ағаштардың қасына қою қауіпті.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу