ШҚО тұрғындарына ескерту: қатты жаңбыр, бұршақ және күшті жел күтіледі
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының хабарлауынша, 23 қыркүйекте облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең солтүстік аудандарда тұман болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Желдің бағыты – оңтүстік-батыстан. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Өскемен қаласында да күндіз қатты жел соғады – 15-20 м/с.
Мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады:
- көлік жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, қашықтықты сақтау қажет;
- қатты жел кезінде электр сымдары мен тербеліп тұрған заттарға жоламаңыз;
- автобус аялдамаларының артына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз;
- көлікті ескі, қураған ағаштардың жанына қоймаңыз.
Қауіпті жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Оқи отырыңыз