KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да жауын-шашын мен қатты жел күтіледі

30.09.2025, 08:20 177 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» ШҚ филиалының дерегінше, 30 қыркүйекте облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күтіледі. Түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Желдің бағыты батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді.
Мамандар тұрғындарды абай болуға шақырады:
жүргізушілер жылдамдықты азайтып, жолда сақ болғаны жөн;
жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін төмендету үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет;
қатты жел кезінде ескі және жалғыз тұрған ағаштардан алыс жүрген дұрыс, сондай-ақ олардың жанына көлік қою қауіпті;
электр сымдары мен шайқалып тұрған заттарға жақындамау қажет.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу