Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жариялады
Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрлік әсіресе жол қозғалысына қатысты маңызды кеңестерді ұсынады:
• Аса қажеттілік болмаса, үйден шықпау;
• Алыс сапарларды кейінге қалдыру;
• Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тиіс;
• Қауіпсіз жылдамдықты таңдап, күрделі маневрлерден аулақ болу;
• Көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлағандай, қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Сондықтан азаматтарды жауапкершілік танытып, ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады.