KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

Шығыс Қазақстанда бүгін қалың тұман күтіледі

depositphotos.com

28.10.2025, 09:00 163 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» хабарлауынша, 28 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қалың тұман түседі деп болжануда. Мамандар өңір тұрғындарын ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты барынша сақтық танытуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Көлік жүргізушілеріне жолда мұқият болып, жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін барынша сақ жүріп, қауіпсіздік шараларын орындау қажет.

Дауылды ескертулер мен жедел хабарламаларды «Дәрмен» мобильді қосымшасын орнату арқылы уақытылы алуға болады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу