KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
502.57 591.68 6.42

Ертең Шығыс Қазақстанда көктайғақ пен тұман күтіледі

depositphotos.com

12.10.2025, 14:30 200 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының ақпараты бойынша, 13 қазан күні облыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты барынша сақ болуға шақырады.

Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтап, жолда мұқият болулары қажет.

Жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын ұстануы тиіс.

Жел күшейген кезде сымдарға, бос тұрған заттарға, ағаштардың астына және автобус аялдамаларының артына жақындамауға кеңес беріледі.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу керек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу