ШҚО – қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктермен алыс жолға шықпауға шақырады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала сыртына тек қысқы шиналармен жабдықталған көліктермен шығуға кеңес береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жазғы шиналармен жүрген көлік құралдарына қала сыртына шықпауға кеңес береді.
Бүгін түнде облыстың бірқатар қала-аудандарында қар жауып, ескертулерге қарамастан дайындықсыз жолға шыққан кей көліктер көктайғақ кесірінен жолда қалды.
Оқи отырыңыз