KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1 м/с, З
503.35 590.63 6.62

Өскемен–Тарғын–Самар бағытына шектеу қойылды

4.10.2025, 20:30 239 Базарова Айгүл

Бүгін сағат кешкі тоғыздан бастап «Өскемен–Тарғын–Самар» бағытында жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

«ОблШығысЖол» ЖШС ақпаратына сәйкес, 4 қазан күні сағат 21:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына, яғни, қар жаууына байланысты «Өскемен–Тарғын–Самар» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың 63-145 шақырымына шектеу енгізілді.

Тарғын және Самар ауылдары аралығында қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу