KZ
Өскемен
-18°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
503.17 600.89 6.63

«Өскемен – Тарғын – Самар» автожолында жазғы дөңгелекпен жүрген жеңіл көліктерге шектеу

3.10.2025, 09:30 225 Төлеуғазы Жансая

[media=https://youtu.be/bugrHeRBbFo ]


Шығыс Қазақстанда облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолының 60-145 шақырымында жазғы дөңгелекпен жүрген жеңіл көлік құралдары үшін қойылған шектеу әлі де сақталуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жолаушылар қауіпсіздігін сақтау мақсатында облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолының 60-145 шақырымында шектеулер енгізілді. Сондықтан осы бағытқа жол жүруді жоспарлаған автокөлік иелері сақтық шараларына құлақ асқандары абзал.

Шығыс Қазақстанның өзге облыстық маңызы бар автожолдарында қазіргі таңда жағдай тұрақты, көлік құралдарының жүруіне шектеулер жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу