KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Головкин Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

27.08.2019, 03:42 1 536

Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

GGG украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF титулын сарапқа салған соң, Муратамен шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеді.  Бұл туралы қазақстандық былғары қолғап шебері Boxingscene.com порталына берген сұхбатында айтты.  

– Мен бұл жекпе-жекке жүз пайыз дайынмын. Әрине бірінші әлем чемпионы титулын жеңіп алуым керек. Содан кейін Муратамен жұдырық түйістіру сөзсіз қызықты болар еді. Тамаша жекпе-жек боларына сенімдімін – деді Головкин. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу