KZ
Өскемен
-13°
ясно Штиль
504.6 594.27 6.48

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілді

Бүгін, 15:30 31 Ержан Әбіш

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңартылған тізбесі бекітілді. Тиісті бұйрыққа 2025 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР  Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тізімге 31 тауар позициясы енгізілді. Олардың қатарында күнделікті тұтынуда кең қолданылатын негізгі азық-түлік өнімдері бар. 

Атап айтқанда:
•    бірінші сортты бидай ұнынан жасалған пішінді нан;
•    рожки;
•    қарақұмық жармасы;
•    тазартылған домалақ дәнді күріш;
•    картоп;
•    асханалық сәбіз;
•    басты пияз;
•    ақ қауданды қырыққабат;
•    қызанақ («шие» және «жүзім» сорттарынан басқа);
•    қияр («корнишондардан» басқа);
•    алма;
•    ақ қант (құмшекер);
•    күнбағыс майы;
•    сүйегі бар және сүйексіз сиыр еті;
•    тартылған ет;
•    қой еті (оның ішінде сүйексіз);
•    жылқы еті (оның ішінде сүйексіз);
•    жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық түрлері (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан);
•    тауық еті (жамбас, сирақ, сан еті);
•    тауық ұшасы;
•    майлылығы 2,2-6% пастерленген және ультрапастерленген сүт (қоспасыз, лактозасыздан басқа);
•    майлылығы 2-3% айран;
•    қаймақ;
•    майлылығы 5-9% сүзбе;
•    майлылығы 40-50% қатты және жартылай қатты ірімшік;
•    тұздалмаған сары май (майлылығы 72,5-80%, өсімдік майлары мен толтырғыштарсыз);
•    I санаттағы тауық жұмыртқасы;
•    қара шай (дәмдік қоспасыз, пакеттелмеген);
•    ас тұзы («Экстрадан» басқа).

Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының әрбір жеке позициясы бойынша бөлшек сауда бағасының шекті мөлшері белгіленеді. Сонымен қатар бұл тауарларды жеткізуге жасалатын шарттарда шекті сауда үстемесінің көлемі міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Аталған талап сақталмаған жағдайда жасалған мәміле жарамсыз деп танылады.

Жаңа бұйрық 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу