KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады – ШҚО

Кеше, 16:30 89 Базарова Айгүл

Серебрянск қаласында орналасқан 97638 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген 70-тен астам жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Маңызды рәсімге әскери бөлімнің қызметкерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

– Баламыздың ел алдында әскери ант қабылдағанын көру – әр ата-ана үшін үлкен мәртебе. Ұлымыздың Отан қорғаушысы атанып, тәртіп пен жауапкершілікті меңгеріп жүргеніне қуаныштымыз. Барша сарбаздарға амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз, – деді жас сарбаздың ата-анасы Еркегул Нук.

Салтанатты жағдайда сап түзеген жас жауынгерлер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға ант берді.

Әскери ант — әрбір сарбаздың өміріндегі жауапты әрі тарихи сәт. Бұл күннен бастап жас жауынгерлерге үлкен сенім жүктеліп, олар үшін әскери қызметтің жаңа кезеңі басталады. Қызмет барысында сарбаздар жауынгерлік дайындықтарын шыңдап, әскери тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын терең түсінеді.

Шара барысында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды маңызды сәттерімен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты рәсім Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттырып, жас сарбаздардың бойында жауапкершілік пен ерік-жігерді нығайта түсті.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу