KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Шығыс Қазақстанда 15 ауыл ішімдіктен бас тартқан

29.12.2025, 17:30 146 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстанда кейбір ауылдардың азаматтары саналы түрде ішімдіктен бас тартып, салауатты өмір салтына көшіп, оң тәжірибе қалыптастыруда. Тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың белсенді ұстанымының арқасында биыл 15 ауыл алкогольден саналы түрде бас тартып, ол елді мекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеді. Бұл туралы Өскемен тұрғындармен өткен кездесуде өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Алкогольге байланысты қылмыстың алдын алу тұрақты әрі кешенді тәсілді қажет етеді. Жастардың бос уақытын спорт пен мәдениетке бағыттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру – өңірдегі заңдылық пен тәртіпті нығайтудың келесі маңызды бағыты.

– Алкогольді шамадан тыс тұтыну облыстағы өзекті проблемалардың бірі болып қалып отыр. Өңірде шамамен 700 қылмыс мас күйде жасалған. Бұл – адам өлтіру мен ауыр дене жарақаттары секілді ауыр және аса ауыр қылмыстардың басым бөлігі, - деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Сонымен қатар, алкогольдік ішімдік ішу жол қауіпсіздігіне де тікелей кері әсерін тигізіп отыр. Мас күйде көлік басқару салдарынан болған адам өлімі мен жарақаттар тіркелді. Мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу