KZ
Өскемен
-13°
ясно Штиль
504.6 594.27 6.48

Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады?

Бүгін, 16:00 32 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД мамандары жаңа жыл мерекелері кезеңінде, әдетте, электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан өрттер орын алатынын хабарлайды. Сондай-ақ қарбалас кезінде плита үстінде ұмыт қалған тағам күйіп, кейде тек пәтерді ғана емес, тұтас подъезді де түтінге орайды. Пештерді талапқа сай пайдаланбау салдарынан болатын өрттер де кездеседі. Өрттің негізгі себептерінің қатарында отты және пиротехниканы абайсыз пайдалану бар, деп хабарлайды Altainews.kz.

Статистика бойынша, бірнеше электр құралдары мен гирляндаларды бір мезетте қосатын ұзартқыштар мен желілік сүзгілер де өрт қаупін тудырады. Сонымен қатар ұялы телефондарды зарядтағыш құрылғыларды ұзақ уақыт бойы желіде қалдыру да қауіпті.

ШҚО ТЖД мерекені көңілді әрі қауіпсіз өткізу үшін тұрғындарға келесі ұсынымдарға назар аударуды ескертеді:
* мереке алдында үйдегі электр сымдарының жарамдылығын тексеріңіз;
* тұрғын үй ішінде пиротехниканы пайдаланбаңыз;
* шыршаны нағыз шамдармен, мақтадан жасалған бұйымдармен және басқа да тез тұтанатын әшекейлермен безендірмеңіз;
* үйден шыққанда және түнгі уақытта гирляндаларды қосулы қалдырмаңыз;
* розеткаларды шамадан тыс жүктемеңіз;
* пештің жағылуын бақылап, күйені уақытылы тазалап отырыңыз.

Жаңа жылда үйде жаңажылдық шыршамен қатар өрт сөндіргіштің болғаны, ал пеші бар үйлерде көмірқышқыл газы (иіс газы) датчигінің орнатылғаны өте жақсы болар еді.

Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу