KZ
Өскемен
-1°
снег жел 9 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Әкімдіктерге туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылау өкілеттігі берілді

29.12.2025, 10:30 109 Базарова Айгүл

Ел Мәжілісі депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ішкі туризмді дамытуға, туристік саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға уәкілетті органның:

 – Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге;

 – келу туризмі саласындағы туристік ооператорлардың шығындарын субсидиялау мөлшеріне;

– туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Сонымен қатар әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік инфрақұрылым нысандарын кәсіпкерлердің иеліктен шығарылмауын, оның мақсатты пайдаланылуын бақылау сияқты жаңа өкілеттіктер беріледі. Оған туристік орындар, визит-орталықтары, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары кіреді.

Әкімдіктерге басым туристік аймақтардың шекараларын анықтау бойынша жаңа өкілеттіктер беру оларға аймақтық ерекшеліктерді, туристік әлеуетті және осы аймақтардың инфрақұрылымдық дайындығын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл жергілікті деңгейде туризмді кешенді әрі теңгерімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу