KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Баукеспелер қай автобустары торып жүр? – Өскемен

10.02.2020, 04:39 299

Өскеменде бір ай ішінде 30 ұрлық жасалған. Баукеспелер көбінесе қоғамдық көліктегілердің қалтасын қағып кетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қалтаға түскіш ұрылар көбінесе №12, 10, 42, 33-ші автобустарды торып жүреді. Әккі ұрылар жолаушы аялдамаға жетіп, көліктен түсе берген сәтте іске кіріседі, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, қаңтар айында қалта тонағыштардың бірнешеуі қолға түскен.

– №42 автобуста жүрген баукеспелердің бірі ұсталды. Сондай-ақ оның тағы екі бірдей ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – дейді Полицияның баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу