Шығыс Қазақстан облысында үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Жаңа нысандар Тарханка, Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында орналасқан. Бұл бекеттер өртке жедел әрекет ету уақытын қысқартып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews тілшісі.
Өрт сөндіру бекеттері Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен, «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асыру аясында ашылды.
Нысандардың бірі Глубокое ауданына қарасты Тарханка ауылында орналасқан. Аталған бекет Тарханка, Винное және Веселое ауылдарында тұратын 3 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Министрлікке бұл жобаны жүзеге асыруда «Милейко» ЖШС қолдау көрсетті.
Глубокое ауданының әкімі Елдар Тұмашиновтың айтуынша, алдағы уақытта ауданда осындай нысандардың саны арта түседі.
Ал Шемонаиха ауданында бірден екі өрт сөндіру бекеті – Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында ашылды. Ведомстволық бағдарламаны іске асыруға «Белокаменское» ЖШС мен «Заря» шаруа қожалығы серіктес болды. Жаңа екі нысан Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово ауылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл елді мекендерде жалпы саны 1500-ден астам адам тұрады.
Оның айтуынша, өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру – осындай тиімді әріптестіктің жарқын үлгісі.
Ашылған барлық бекеттер тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қызметтік-тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған. Материалдық-техникалық база өрт сөндіру және құтқару құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ жеке құрамның толық жарақтандырылуын қамтиды.
Елизавета Седых
Фото: Артем Жигулин
Видео: Жалғас Сақадиев















