Семейде жұмыссыздық 40,4% - ға төмендеді
Биыл Семейде тұрақты жұмысқа 2 793 адам орналасты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Мұрат Құржықаев мәлім етті.
- Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қалалық еңбек нарығына оң әсер етті. Еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны биыл 40,4% - ға төмендеді, - дейді бөлім басшысы.
Оқи отырыңыз