«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері өмірден өтті
Қазақ киноөнерінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға — Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.
Көрерменнің жүрегінде ол мәңгілікке аңызға айналған «Менің атым Қожа» фильміндегі шынайы, алғыр да тентек Қожа болып қалды. Сол бір рөлі арқылы ол миллиондаған көрерменнің балалық шағымен, тазалық пен адалдыққа толы сезімдерімен біте қайнасып кетті.
Нұрлан Сегізбаев — актер, сценарист, кинодраматург, философ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Кинематографистер одағының мүшесі.
Оның шығармашылығы — киноның тек көңіл көтеру құралы емес, тәрбиелік мәні зор, терең ойға жетелейтін өнер екенінің айқын дәлелі. Нұрлан Санжарұлы жарқын бейнесі қазақ елінің тарихында мәңгі сақталар Қожасы болып қалары хақ.