KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
508.91 594.36 6.33

Баланы қорғау жауапкершіліктен басталады

26.12.2025, 11:00 100 Төлеуғазы Жансая

Қысқы демалыс та жақындап қалды. Бұл уақыт балалар үшін қызықты әрі ерекше кезең болса да, кейбір жағдайларда қауіп-қатерге ұласуы мүмкін. Әсіресе, пиротехникамен дұрыс сақтық шаралары сақталмаған жағдайда ауыр жарақаттар туындауы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді. Бұл статистика артында тек жарақаттар ғана емес, алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар да жатыр. Отшашу мен петарда — ойыншық емес, олар — жарылғыш зат, сондықтан балалар үшін қауіпті.

Қауіпсіздік ережелері:

* 18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынған. Егер балаға петарда сатып тұрғанын байқасаңыз, бей-жай қалмаңыз, бұл заңға қайшы әрекет болып есептеледі.
* Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға болмайды. Тіпті «зиянсыз» көрінген отшашуды да тек ересектер қолдануға тиіс.
* Пиротехниканы үй ішінде, балконда немесе тұрғын үйлердің маңында қолдануға болмайды.

Балалардың амандығы — ата-ана мен ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігінде. Сондықтан мереке кезінде қауіпсіздік шараларын ұстанып, балалардың қауіпсіздігін қадағалау маңызды.

Оқу-ағарту министрлігі барлық ата-аналар мен балаларға мереке күндері сақтық сақтап, жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу