ШҚО-да пойыздар қысқы жұмыс тәртібіне ауысты
Қараша айынан бастап «Өскемен-1 — Алтай» және «Өскемен-1 — Риддер» пойыздары жаңа кестемен қатынайтын болады. Алайда желтоқсанда жолаушыларды тағы да өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Защита — Алтай» пойызы өткен жылғы қысқы кестемен жүреді: Өскемен-1 (Защита) станциясынан сәрсенбі, жұма және сенбі күндері сағат 23.20-да шығып, Алтай қаласына 5.50-де жетеді. Кері бағытта Өскемен-1 станциясына жететін уақыты – 13.45.
Желтоқсан айында пойыздар биылғы жылға арналған жаңа қысқы кестеге ауысады екен. 8 желтоқсаннан бастап пойыздар жүру уақыты өзгереді. Ол Өскеменнен сол күндері сағат 23.20-да шығып, Алтайға 6.20-да жететін болады. Ол жақтан сағат 8.20-да шығып, Өскеменге 14.50-де жетеді.
«Өскемен-1 — Риддер» пойызы 8 желтоқсаннан бастап Өскемен-1 станциясынан сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 17.20-да шығып, Риддерге 20.30-да жетеді. Риддерден Өскеменге қарай бейсенбі, сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері сағат 6.40-та шығып, станцияға 9.50-де жетеді. Ал қарашадағы кестеге сәйкес, бұл бағыттағы пойыз Өскеменнен сағат 17.30-да шығып, 20.35-те Риддерге жетеді. Кері бағытта 6.30-да шығып, 9.40-та станцияға келеді.