KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Қазақстандық оқушылар 10 күн демалады

Кеше, 09:00 73 Базарова Айгүл

Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазақстандық мектеп оқушылары үшін қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы кезеңді қамтып, жалпы он күнге созылады, деп хабарлайды Altainews.kz Оқу-ағарту министрлігінe сілтеме жасап.

Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың жан-жақты дамуына ерекше мән берілмек. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түрлі тәрбиелік, мәдени және танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Министрлік балаларға демалыс уақытын мазмұнды өткізу үшін кітап оқуға, музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтар мен тарихи ескерткіштерге экскурсия жасауға, спорттық ойындарға қатысып, коньки тебу мен шаңғы спортына көңіл бөлуге, сондай-ақ қайырымдылық акциялары мен қоғамдық шараларға атсалысуға кеңес береді.

Сонымен қатар мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Ведомство өкілдері қысқы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиіс екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу