KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, З
505.71 591.43 6.65

Буров көшесі жөнделіп жатыр – Өскемен

19.07.2022, 09:30 572

Облыс орталығындағы Буров көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұзындығы 1400 метр учаскеге жаңа асфальт төселеді. Сондай-ақ бордюрлер ауыстырылады.

Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жөндеу 18 шілдеде басталған.

– Соңғы рет мұнда орташа жөндеу 10 жыл бұрын жүргізілген. Жөндеу жұмыстары басталып кетті, енді қала күніне орай аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді бөлім басшысы Нұржан Жапбаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу