KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Давоста Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп қандай тақырыпта сөйлесті?

Кеше, 18:00 101 Базарова Айгүл

Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында болған қысқаша әңгіме қоғам назарын аудартты. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан түскен сауалға Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауабын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. 

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Өз кезегінде Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу