Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста өтіп жатқан Конгресс орталығының отырысына қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтті.
Аталған құжатқа Қазақстан атынан Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Жалпы, айтулы шараға ел Президентінен бөлек 18 мемлекеттің басшылары мен өкілдері қатысуда.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың ішінде алғашқылардың бірі болып Дональд Трамптан Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алған болатын. АҚШ Президенті тарапынан Қазақстанға осы жаңа бірлестіктің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылған еді.
Фото: Ақорда





