Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркияға барады
Фото: pexels.com
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен ресми сапармен Анкараға барады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын талқыламақ.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді. Бұл жиын – екі ел арасындағы өзара байланысты тереңдетіп, нақты жобаларды жүзеге асыруға серпін беретін маңызды алаң болмақ.