2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлік сатуға салынатын салық өзгереді
depositphotos.com
Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданды. Ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа құжатқа сәйкес, жылжымайтын мүлік сатқанда төленетін салық мөлшері 10–15 %-ға дейін өседі, сондай-ақ салық салу талаптары өзгереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі krisha.kz порталына сілтеме жасап.
Салық төленетін жағдайлар:
- Егер жылжымайтын мүлік бір жылдан (2026 жылдан бастап – екі жылдан) аз уақыт иелікте болса және пайда табылса;
- Кез келген мүлік түрі сатыласа: пәтер, жер үй, саяжай, жер телімі, гараж, қойма, тұрақ орны.
Басты өзгерістер:
- Салықтан босатылу үшін иелік ету мерзімі 1 жылдан 2 жылға ұзарады.
- Пайда көлемі 8500 АЕК-тен (2025 жылы – шамамен 33,4 млн теңге) асса, артық сомаға 15 % мөлшерлеме қолданылады.
Шетел азаматтары мүлікке қанша уақыт иелік еткеніне қарамастан 15 % төлейді.
Салық төлеу тәртібі:
- Декларацияны (270.00 нысан) келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру;
- Салықты 25 қыркүйекке дейін төлеу;
- Төлеу жолдары: E-Salyq Azamat қосымшасы, eGov.kz, электронды кабинет немесе Мемлекеттік кірістер басқармасы.
2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы да енгізіледі. Жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке және құны 75 млн теңгеден асатын қымбат көлік иелеріне жаңа салық салынады.