KZ
Өскемен
-26°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Өскеменде көктайғақ күтіледі

Фото: depositphotos.com

15.03.2025, 09:00 708 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда 15 наурызда қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, күндіз өңірдің жолдарында көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Өскемен қаласында да көктайғақ күтіледі. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

Көлік жүргізушілері жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қашықтықты сақтауы қажет.

– Жаяу жүргіншілер тайғақ жолдарда абай болып, асықпай жүруге тиіс.
Күшті жел кезінде сымдарға, құлап кетуі мүмкін заттарға жақындамаңыз.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет,

- делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу