ЖИ және академиялық адалдық: Мемлекет басшысы маңызды мәселені көтерді
Мемлекет басшысы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануға байланысты білім беру саласы үшін кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.
Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.
Президент Үкіметке «сапалы контент жасауға мүмкіндік беретін ұлттық білім беру платформасын әзірлеуді» тапсырды.
Сондай-ақ, Президент ЖИ-ді жаппай қолданудың кейбір кері әсерлеріне де тоқталды.