ТЖМ ескертеді: тауға шыққанда ұстанатын басты ережелер
depositphotos.com
Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығуды ұнататындар үшін арнайы жадынама жариялады. Ведомство маршрутқа шығар алдында өмірлік маңызы бар қарапайым ережелерді міндетті түрде сақтауға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстанда туристік маусым кезінде адамдардың тауда жоғалып кетуі жиі тіркеледі. Құтқарушылар мұндай жағдайлардың көбі қауіпсіздік шараларын елемеуден болатынын ескертеді. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін келесі кеңестерге назар аудару керек:
1. Тауға жалғыз бармаңыз
Жалғыз жорық – ең қауіпті нұсқа. ТЖМ еске салады: тіпті тәжірибелі туристер де күтпеген жағдайға тап болуы мүмкін. Бірге жүру – жайлылық қана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті арттыратын маңызды фактор.
2. Маршрутты алдын ала зерттеңіз
Жолға шықпас бұрын бағытты жан-жақты талдаңыз:
-
қиындық деңгейі;
-
ұзақтығы;
-
ауа райы болжамы;
-
арнайы құрал-сайманның қажеттілігі.
Бұл деректер өз күшіңізді дұрыс бағалауға және қиындықтар мен қауіп-қатерлерден аулақ болуға көмектеседі.
3. Киім – қауіпсіздік кепілі
Тауға ыңғайсыз аяқ киіммен шығу – жарақат алудың басты себебі. Міндетті түрде треккингке арналған етік киіңіз. Рюкзакта болуы тиіс:
-
жел мен жаңбыр өткізбейтін күртеше;
-
жылы кофта немесе флис;
-
куртка;
-
ашық түсті киім.
4. Міндетті құралдар жинағы
Тау жағдайында байланыс тұрақсыз, ал ауа райы құбылмалы. Сондықтан рюкзакқа мыналарды міндетті түрде салып алыңыз:
-
қосымша жылы киім жиынтығы;
-
пауэрбанк;
-
шам мен қосымша батарейкалар;
-
ысқырғыш (ТЖ кезінде көмек шақыруға қажет);
-
термос пен жеңіл тамақ;
-
алғашқы көмек қобдишасы;
-
газ плиткасы мен газы;
-
алюминий кружка (кемі 500 мл).
Егер түнейтін болсаңыз, қосымша:
-
ұйықтайтын қап (спальник);
- қосымша ішкиім қажет болады.
5. Алдын ала хабар беріңіз
Бұл – ең маңызды ереже. Жолға шығар алдында міндетті түрде:
-
туыстарыңыз бен достарыңызға бағытыңыз бен түнейтін орындарыңызды хабарлаңыз;
-
қай уақытта оралатыныңызды шамамен айтыңыз;
-
байланысқа шығу уақыты мен әдісін келісіп алыңыз (қоңырау немесе хабарлама арқылы).
Тау – әрдайым жоғары қауіп аймағы. Жорықты жеңіл-желпі қабылдауға болмайды – қысқа серуеннің өзі экспедиция секілді мұқият дайындықты қажет етеді. Егер осы ұсыныстарды ұстансаңыз, демалыс шын мәнінде қуаныш сыйлайды, ал құтқару операциясының қажеті болмайды.
Дамир Омаров