Желді күні суға түскен төрт адамды құтқарушылар құтқарып қалды
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай тіркелді. Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында төрт адам мінген қайық аударылып кеткен. Құтқарушыларға адамдардың борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына жақын маңдағы балықшы бірінші болып көмекке ұмтылған. Ол төрт азаматты өз қайығына шығарып үлгерген.
Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Мамандардың айтуынша, мұндай оқыс жағдайлардың көбі қарапайым ережелерді елемеуден болады. Сондықтан қайықпен серуендеуге шықпас бұрын, қауіпсіздікке баса мән беру қажет.