KZ
Өскемен
-4°
снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

"Жаңа оқу жылында – жаңа пән!" – Барлық оқу орынына

20.08.2019, 04:47 1 206

Жаңа оқу жылында мектеп, колледж және университеттерде «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл жобаны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырмақшы. Бір оқу жылында 36 сағат бөлінген бұл пәнге 200-ден астам оқытушы даярлап жатырмыз. 127-сі мектеп, 66-сы колледж, 56-сы университетке сабақ береді. Ұстаздарды оқытудың екінші легі 2-12 қыркүйек күндерінде болады, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметкері.

Жоба былтыр Семейдегі экономика лицейінде сынақтан өткен екен.

– Біздің мақсат – жас буында кәсіптеніп үйренуге баулу. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту идеясын кең насихаттау, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім меңгерушісі Әсет Әділхан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу