KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Семейде қолөнершілер фестивалі өтті

13.12.2019, 05:30 2 451

Семейде қолөнершілер фестивалі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш шара Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мақсаты - өнерді ұлықтап,  қолөнершілердің туындыларын көпшілік назарына ұсыну.

-        Бүгін еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тамаша фестиваль өткізіп жатырмыз. Оған қалалық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері қолдау білдірді. Көрме әр халықтың тарихы мен мәдениетін паш етеді,- дейді Достық үйінің директоры Надежда Шарова.

Көрмеге қолөнер шеберлері текемет,  түрлі картиналар мен ерлердің бес қаруы, әшекей бұйымдар және ұлттық аспаптары қойылды.

 – Қолөнер халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, тамырын тереңге жайып келе жатқан асыл мұрасы. Сондықтан бүгінгі шараның өткізілуін өте орынды деп білемін, - дейді қала тұрғыны Жанар Сәрсенбина.

Кеш соңында қолөнершілер марапатталып, фестиваль концерттік бағдарламаға ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу