KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Өскеменде отбасы күніне орай онлайн-фестиваль өтеді

14.05.2020, 11:12 1 281

Өскеменде отбасы күніне арналған онлайн-фестиваль өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала басшылығы интернет желісінде Халықаралық Отбасы күніне орай өтетін онлайн-фестивальге қатысуға шақырды. Ол үшін отбасылық суреттерді Instagram-да #otbasy_oskemen хэштегімен бірге жариялау керек. Содан кейін бұл фотосуреттер 15 мамыр күні сағат 15.00-де тікелей көрсетілімде бүкіл елдің назарына ұсынылады.

Көрсетілімді Өскемен қаласы әкімдігінің ресми парақшасынан @akimatoskemen, сондай-ақ YouTube желісіндегі «Өскемен мәдениет» және «Contrast Visual Studio» арналарынан тамашалауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу