KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Келер жылдан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі

Фото: Александр Шушеньков

17.09.2025, 15:00 249 Төлеуғазы Жансая

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Кодекс жеке тұлғалардың табысына қатысты бірқатар өзгерістерді қамтиды. Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа құжаттың басты жаңалығы – прогрессивті салық шкаласы. Жылдық табысы 8 500 АЕК-ке (шамамен 33,4 млн теңге) дейінгі азаматтар бұрынғыдай 10% төлейді. Ал осы межеден асқан табыстарға 15% мөлшерлеме енгізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл салық әділдігін арттырып, табысы төмен азаматтардың жүктемесін азайтуға бағытталған.

Төмен жалақы алатын қызметкерлер мүлде салық төлемейді

Қазақстанда 2026 жылдан бастап салықтық шегерімдер көлемі айтарлықтай кеңейтіледі. Бұрын ай сайынғы стандартты шегерім 14 АЕК болса, жаңа кодексте ол 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл айына 140 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкерлер жеке табыс салығынан толық босатылады деген сөз.

Әлеуметтік осал топтарға да қолдау көрсетіледі. Мәселен, І және ІІ топтағы мүгедектер үшін шегерім ай сайын 5 000 АЕК-ке дейін артты.

Сонымен қатар, оқу, емделу немесе ипотека үшін құжат жинап ұсыну қажеттілігі жойылады – стандартты шегерім автоматты түрде қолданылады. Ал зейнетақы мен біржолғы төлемдер мүлде салықтан босатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу