KZ
Өскемен
-12°
пасмурно Штиль
515.02 604.22 6.5

Қазақстандықтар енді жеке куәлікті онлайн түрде ауыстыра алады

Фото: gov .kz

30.05.2025, 08:30 311 Жанаргүл Көкенайқызы

Цифрландыру – бүгінде Қазақстан дамуының басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік қызметтер саласындағы жаңашылдықтар күн өткен сайын қарапайым халықтың тіршілігін жеңілдетіп, уақытын үнемдеуге мүмкіндік беруде. Бұрын қарапайым бір құжатты рәсімдеу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып, бір құзырлы органнан екіншісіне жүгіріп, анықтама мен мөр жинап сергелдеңге түсетін еді жұрт. Ал ауыл тұрғындары үшін бұл тіпті бірнеше күндік сапарға айналатын. Енді, міне, ол кезең де тарих қойнауына кетіп барады. Енді басты құжат - жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге болады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Цифрлық үкіметтің шеңберінде Қазақстанда бұл маңызды қызмет те онлайн форматқа көшірілді. Мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында жеке куәлікті онлайн түрде ауыстыруға арналған пилоттық жоба іске қосылып отыр.

Жеке куәлікті қалай онлайн рәсімдеуге болады?

  • Жаңа құжатты электрондық үкімет порталы (eGov.kz) немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады;
  • Ол үшін порталда немесе қосымшада арнайы өтінім толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет;
  • Өтінімге талапқа сай түсірілген фотосурет тіркелуі тиіс;
  • Уәкілетті орган өтінімді тексереді (тіркелген мекенжай, жеке куәліктің мерзімі және жүктелген фото сәйкестігі тексеріледі);
  • Егер тексеріс сәтті өтсе, мемлекеттік баж салығы төленуі қажет;
  • Қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама өтініш берушіге жіберіледі;
  • Дайын жеке куәлікті жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

Аталған пилоттық жоба 2024 жылғы 28 мамырдан бастап күшіне енді және 2026 жылғы наурызға дейін қолданыста болады. Бұл – уақыт үнемдеу мен қолжетімділік тұрғысынан үлкен қадам. Енді еліміздің кез келген азаматы өз үйінен шықпай-ақ басты құжаттарының бірін — жеке куәлікті — жаңарта алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу