KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 6 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Енді циркке де баруға болады - ШҚО

2.03.2021, 10:05 320

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыда жазылғандай, енді циркке де баруға болады. Қойылар талап – келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы адам санын 30%-дан артық толтырмау.

«Жалпы адам санын 30%-дан асырмай бильярд клубтары жұмыс істей бастайды. Жеке немесе 15 адамнан аспайтын топтар үшін маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат берілді. Ұлттық құрама, клубтық командалар және облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады. Бірақ кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелерге және балалар сауықтыру лагерьлерінің қызметіне тыйым салынған», - делінген қаулыда. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу