KZ
Өскемен
-33°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы: жаңа буын басқарушылары қалыптасуда

2.10.2025, 15:00 235 Арайлым Орсаринова

2023 жылдан бастап елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы жүзеге асуда. Басты мақсат – білім беру жүйесінде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Президенттік жастар кадр резервінің үлгісі негізінде құрылған бұл бастама аясында 2023-2024 жылдары 583 педагог кадрлық резервке іріктелді. Оның 400-ден астамы конкурстан тыс басшылық қызметке тағайындалды. Сонымен қатар, 40 директор «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылған мектептерді басқаруға кірісті. Нәтижесінде, мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды.

2025 жылы жоба жалғасын тауып, қосымша 428 үміткер оқудан өтті. НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп директорларының орынбасарларына арналған оқыту бағдарламасы 21 шілдеде басталып, 12 қыркүйекте аяқталды. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, үш деңгейде біліктілігін арттырды.

Қорытынды кезеңде үміткерлер 15–26 қыркүйек аралығында рефлексивті есеп тапсырып, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алатынын дәлелдеуі тиіс болды. Есептер арнайы критерийлерге сәйкес бағаланып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы тарапынан сыртқы сараптамаға жіберілді.

Бұл кезеңнен сәтті өткен педагогтер Оқу-ағарту министрлігі жанындағы комиссиямен әңгімелесуге жолдама алды. Еске сала кетейік, жобаны сәтті аяқтап, кадрлық резервке енген мамандар бірінші басшы лауазымына конкурстық рәсімдерсіз тағайындалады.

 


Фото: ortcom.kz 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу