KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевқа тапсырмалар берді

Фото: Ақорда

26.09.2025, 20:00 175 Ержан Әбіш

Мемлекет басшысы Ермек Көшербаевты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу