KZ
Өскемен
-20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Астанада «KitapTime – 2025» республикалық кітап фестивалі өтті

25.09.2025, 18:00 215 Ержан Әбіш

Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «KitapTime – 2025» IV республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мен баспа ісінің ел болашағы үшін маңызы зор екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы үндеуді қолдау мақсатындағы фестиваль жастардың рухани және интеллектуалдық дамуына, ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналды.
Фестивальге зиялы қауым, шетел елшіліктерінің өкілдері, баспагерлер, шығармашыл тұлғалар, кітапханашылар мен оқырмандар, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Бағдарлама аясында кітап жәрмеңкесі, қолөнер көрмелері, «Абай ауылы» этнолокациясы, «Ауылға кітап» акциясы, «BOOKCROSSING» және әдеби ойындар өтті. Сонымен қатар велошеру, сурет көрмелері, шеберлік сағаттары мен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биылғы фестиваль бір мезгілде еліміздің барлық өңірінде өтті. Барлығы 1089 іс-шара ұйымдастырылып, 30 мыңға жуық оқырман қамтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу