Өскеменде тұрғын үйде өрт шықты
Өскемен қаласындағы Добролюбов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар бес адамды, оның ішінде 1941 жылы туған қарияны эвакуациялады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Өрт ошағына жедел жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттері қызметкерлері бес адамды қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт 28 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан пәтер ішіндегі жиһаздар мен жеке пайдалануға арналған заттар жанған.
Өртті сөндіру жұмыстары барысында тұрғындардың үй жануарлары да дер кезінде қауіпсіз жерге шығарылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 1941 жылы туған қарт әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қосымша тексеруден өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

